Діни ахуал тұрақты
Биыл Қостанай облысында дін саласындағы заңнама нормаларын бұзудың 9 дерегі тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылдармен салыстырғанда әлдеқайда төмен.
Заң бұзушылықтар – заңсыз уағыздау қызметі мен діни жиналыстарды өткізуге, экстремистік сипаттағы материалдарды интернетте сақтау мен таратуға қатысты. Бұл фактілер құқық қорғау органдарымен бірлесе жүргізілген әкімшілік тәжірибе барысында анықталған. Осы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте Қостанай облысы әкімдігінің Дін істері басқармасының басшысы Жанболат Үмбетов баяндады.
"Заң бұзған өңір тұрғындары сот органдарының қаулысымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 374 355 теңге көлемінде айыппұл арқалады", – деп нақтылады спикер.
Оның айтуынша, жалпы, Қостанай облысының конфессияаралық саласындағы жағдай тұрақты.