Арқалықта үш жасар Даша Яковенко аулада ойнап жүріп, тереңдігі 5 метр құдыққа түсіп кетті. Сәби дін аман.
Тек жеңіл жарақаттар алып, бас сүйегін зақымдап алды. Дәрігерлер оның өміріне қауіп жоқ дегенді айтып отыр. Абырой болғанда, оқиға орын алған сәтте құдық жанынан кездейсоқ өтіп бара жатқан адам төмен түсіп, Дашаны сыртқа алып шықты. Ойын баласы беті ашық тұрған шұңқырды байқамай қалған.