Жәрмеңкенің берері көп
Облыста. Жыл басынан бері облыста 34 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп, оған 5 мыңнан астам адам қатысқан. Соның ішінде 485 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, 176 адам қоғамдық жұмыстарға тартылған. Сондай-ақ, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі кезінде төрт мыңға жуық адам еңбек заңы туралы, жұмысқа орналасу, әлеуметтік мәселелер бойынша кеңестер алған.