Кәсіпкерлікті қолдау
Сарыкөл ауданда кәсіпкерлікті қолдауға қатысты жиын өтті. Басқосуға кәсіпкерлікті қолдау орталығы, «Даму» қоры, билік өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.
Жиын барысында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының тиімді тұстары талқыланып, шағын бизнесті қалыптастыру жолдары түсіндірілді. Алма-кезек пайымды пікірлер айтылған ауқымды жиында ақпараттық сауаттылық және «БЖК – 2020» бағдарламасына қатысушыларға көрсетілер көмекке қатысты ақпарат берілді.