Жолаушылар пойызы жүреді
Елбасы Жолдауымен салынған "Арқалық – Шұбаркөл" теміржолының өңір тынысына дем беріп жатқаны белгілі.
Жақында "Қазақстан теміржолы" АҚ – ның вице – президенті Б. Орынбасаров бастаған арнайы комиссия қарқынды жобаның алғашқы тексерілімін (первый пусковой) жасады.
Қонақтар алғашқы кезекте қаладағы заманауи жаңғыртылған теміржол вокзалында болып, маңайынан тұрғызылған қосалқы нысандарды да аралап көрді.
Мұнан соң комиссия "Жалғызтал" стансасына табан тіреді. Бұл жерде де ауылға әр беріп, теміржолшыларға арналған тұрғынүйлер және желілік кешендер тұрғызылуда.
Мамандардың айтуынша мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Ал, 2016 жылы бұл бағытта жүк эшолондарымен қатар жолаушылар пойызы да жолға шығады деп күтілуде.
Арқалық қаласы.