Рудныйда жол ақысы қымбаттады

Рудный қаласында 1-сәуірден бастап қоғамдық көлікте жүру құны зейнеткерлер үшін 5 теңгеге қымбаттады. Жолаушылар тасымалдаумен айналысатын автопарк басшылары мұны қызмет сапасын арттыру мақсатында жасалған қадам деп түсіндіреді. Дегенмен, бұл әлеуметтік әлсіз топтардың онсыз да ауыр жағдайына қосымша салмақ болғаны даусыз. 1334755437_1334744436
-Таңертең №20 маршрутқа жолақы үшін 30 теңге төледім. Ал кешке қарай жүргізуші 35 теңге сұрап отыр. Бұл не деген сұмдық? Бензин қымбаттамаса да, тарифті өсіре бере ме? – дейді ашынған  зейнеткер Жұмабек Үсебайұлы.
Мән-жайды анықтамақ болып, әкімдіктің ТКШ, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөліміне барғанымызда басшының міндетін атқарушы Андрей Чичинов бізге былай деп жауап қатты:
-Бұл тариф 2012 жылдан бастап бекітілген. Алайда, автопарктегілер халықтың қамын ойлап, осы уақытқа дейін 30 теңге алып келді. Дегенмен, техника ескірмей тұрмайды. Оны жөндеу немесе ауыстыру үшін қомақты қаражат керек. Сондықтан біз өз тарапымыздан ешқандай өзгерту жасай алмаймыз.X2hjDtDCsZM0RbP40yCIpHlb5873VJАйта кетерлігі, жуық арада жолаушылар тасымалы бойынша жаңа тендер өткізілмек. Жеңімпаз белгілі болғаннан кейін 7-ден 15 жасқа дейінгі балалар мен мүгедектер үшін жаңа тариф белгіленуі мүмкін. Әзірге жеңілдіксіз жолақы құны 45 теңгені құрап отыр. Бұл басқа қалалармен салыстырғанда көп төмен. Сондықтан алда не боларын уақыт көрсетер.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

1 Response

  1. Қолқоюсыз айтты:

    Əлеуметтік аз қамтылған топтардың онсыз да ауыр жағдайына қосымша салмақ болды деу артық. Зейнеткерлердің бəрінің бірдей жағдайы ауыр екенін қайдан білдіңіз? Кім айтты? Бұл уəжіңіздің дəлелі қане? Бір аламды кейіпкер етіп мысалға алып жазсаңыз бір сəрі. Кəсіби деңгейі өте төмен, тіпті сынауға татымайтын материал. Осындай татымсыз дүниені редакуия неге жариялайды? Əлде газеттің кəсіби мамандарының да деңгейі осы ма?

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓