Тепловоз бен автокөлік соқтығысты

Арқалықта тепловоз көлікпен соқтығысып, бір адам зардап шекті. Бұл жөнінде облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
жжжжАпат  Арқалық қаласының аумағындағы  217-ші теміржол өткелінде болған. Атап айтсақ,  тепловоз «Subaru Forester» көлігімен соқтығысып, салдарынан жүргізуші ауыр жарақат алыпты.  Қазіргі таңда 46 жастағы Амангелді ауданының тұрғыны  қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.
Оқиға орнында Арқалық қалалық  ІІБ жедел тергеу тобы жұмыс істеуде. Апат орны тексерілуде.
Оқиға себептері тергеу алды тексеруден кейін белгілі болмақ.
 
Мешіт Ғазиз

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓