Ақша мен алтын иесіне қайтты

Федоров полицейлері ауыл тұрғынының ұрланған ұялы телефоны мен алтын бұйымын бірнеше сағатта қайтарып берді.a250bd38-398a-48d9-b365-fc5aa6e749cf9 қазанда Пешков ауылының тұрғыны Татьяна Шмидт полицияға үйінен телефон мен алтын сақина ұрланғаны туралы хабарлады. Әйел кісі күндіз үйінде болмаған. Қайтып оралғанда, ол үй есігінің сынғанын көреді. Бұдан соң бөлмелерді тексеріп, бұйымдардың жоғалғанын байқаған. Тәртіп сақшылары оқиға орнына тексеру жүргізіп, күдіктіні саусақ ізі арқылы анықтады.
Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті бір тәулік ішінде Қостанай қаласында ұсталды. Ол сол ауылдың 39 жастағы тұрғыны болып шықты. Ұры алтын сақинаны Қостанайдағы ломбардтардың біріне өткізіп үлгерген.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ал Татьяна Шмидт полицейлерге жедел әрі сапалы қызметтері үшін алғысын білдірді.
"Сіздердің жұмыстарыңыз үшін алғысымды және ризашылығымды білдіргім келеді. Ауданымызда қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлері – Евгений Завгородней, Әлібек Сейітов, Қайрат Сәкенов, Марат Қазанғаповтың кәсібилігіне көзім жетті. Полицейлер қысқа мерзімде ұрланған заттарымды қайтарып берді, – деп атап өтті Т.Шмидт.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓