Филиалда – жаңа төраға

Қазақстан Жазушылар Одағы Қостанай облыстық филиалында кезектен тыс мәжіліс болып, оған Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының Төрағасы Ұлықбек Есдәулет арнайы қатысты. Жиында Одақтың Қостанай филиалының жаңа директоры таныстырылды.71345234_1322962754550910_4104222283646631936_nҰлықбек Есдәулетов бұл мәжілісте Одақтың соңғы кездегі атқарған іс-шаралары, Нұр-Сұлтан қаласында өткен Азия қаламгерлерінің 1 форумы турасында тарқата әңгімелеп берді. Сондай-ақ, Ұ.Оразбайұлы Қостанай филиалының төрағасы Ғұмар Ахметчиннің ұзақ жылғы атқарған жұмысына алғыс айтып, иығына шапан жапты. Сөз ретінде Ғ.Ахметчин Одақ басшылығына, үзеңгілес әріптестеріне рақметін айтты.
Отырыс барысында ұйымдық мәселе қаралды. Ұлықбек Есдәулет Қазақстан Жазушылар Одағы Қостанай облыстық филиалының диреторы Ғ.Ахметчиннің өтініше орай, оны директорлық міндеттен босатты. Оның орнына Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, әдебиет сыншысы, облыстық «Қостанай таңы» газетінің Бас редакторы Жанұзақ Аязбековтың кандидатурасы Одақ секретариатында қаралып, мақұлданғанын, енді филиал мүшелеріне ұсынып отырғанын айтты. Филиал мүшелері бұл ұсынысты бірауыздан мақұлдады.
Сөйтіп Қазақстан Жазушылар Одағының Қостанай филиалының директоры қызметіне облыстық «Қостанай таңы» газетінің Бас редакторы Жанұзақ АЯЗБЕКОВ тағайындалды.71093164_1322862624560923_3242535622254002176_o

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓