«Ақылды» қалалар, ауқымды жобалар
«Ақылды қала» жобасы аясында өңірде қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Облыс әкімдігінде өткен кезекті жиында осы мәселе қаралды.

– Қаланың төрт саябағында жазда жұмыс істейтін тегін Wi-Fi орнатылды. «Қостанай-Су» кәсіпорнында «қашықтан бақылау жүйесін (SCADA)» қойылды. Бұл апаттарды азайтып, су шығынын кемітуге, құбырды қысымды бақылап отыруға мүмкіндік береді, – деп атап өтті қала әкімі Қайрат Ахметов.

Қала әкімінің айтуынша, желтоқсан айында қоғамдық көліктерде электронды билет жүйесі енгізілмек. Сонымен бірге, «Қауіпсіз аула» жобасы шеңберінде бейнекамералар саны көбейтіледі. Енді аулалардағы ойын алаңдары мен қоқыс жәшіктері маңындағы тәртіпті учаскелік полиция пункттері қақ қақпай қадағалап отырады. Камераларды орнатуға бюджеттен 100 млн теңге бөлінген.
«Ақылды қала» жобасы аясында Лисаков, Жітіқара қалаларында да бірқатар жұмыстар жасалынған. Оны мінберде Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысы Азамат Кашиев баяндады.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов кеңес қорытындысында аудан, қала басшыларына «Smart City» жобасын жандандыруда тапсырды.