450 пәтер кілті табысталды

Бүгін, ҚР тұңғыш президенті күні Қостанай қаласындағы "Юбилейный" және "Әуежай" шағын аудандарында 450 пәтер пайдалануға берілді. Оның 250-нің кілтін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов тұрғындарға өз қолымен табыстады. DSCN2961
 
DSCN2963Қыстың алғашқы күні осынша тұрғын жылы да жайлы пәтер иесі атанып отыр. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов әуелі "Юбилейный" шағын ауданына барып, №39 жаңа үйдің заңды иелерін құттықтап, 100 кілтті қоныстанушыларға өз қолымен тапсырды.DSCN2978
DSCN2971
 
DSCN3048
 
DSCN2976
 
DSCN3032
– Бұған дейін бос жатқан бұл аудандағы құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Бас мердігер – "БК Строй" компаниясы. Жергілікті атқарушы билік инженерлік-коммуникациялық желілердің сапалы тартылуына барынша атсалысуда. Оған қазынадан 4 млрд теңге қарастырылған. Тек қана қазандықтың өзіне 1 млрд шығындалады. Міне, осындай жұмыстардың бүгінгі нәтижесі – алғашқы 100 пәтерлі тұрғын үй. Ал, жалпы, осы шағын ауданда 47 көп қабатты жаңа баспана тұрғындарға берілетін болады. Әлеуметтік нысандардың құрылысы да екпінді. Жастар сарайы, мұзды-спорттық сарай салынып жатыр. Келесі жылы 1200 балаға арналған мектептің құрылысы басталады. Құны – 3 млрд 200 млн теңге. Бастапқы қаржы 2019 жылы бөлінеді. Әзірге, сіздерді бүгінгі үлкен қуаныштарыңызбен шын жүректен құттықтаймын, – деді А.Мұхамбетов.DSCN2979Жалпы, бұл тұрғын үйге халықтың қолының жетуі "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында мүмкін болып отыр. Облыс әкімінің мәліметінше, "Нұрлы жерге" қарасты  "7-20-25" бағдарламасы шеңберінде облыста 300 мың шаршы метр жерге баспана тұрғызылатын болады. Ол бұл көрсеткіштің 2017 жылмен салыстырғанда 10% артқанын да өз сөзінде айтып өтті. Одан әрі пәтер кілтін табыстау салтанатына кезек беріліп, рәсім сүт пісірім уақытқа ұласты.DSCN3015
 
DSCN3011
DSCN3034Ізін ала аймақ басшысы "Әуежай" шағын ауданында игілікке куә болғалы отырған 150 тұрғынның қуанышын бөлісуге барды. Мұнда бірден екі баспананың іші жанға толды. №26 және №33 үйлердің құрылысы өткен жылдың маусым айында басталған еді. Сапалы да сәнді салынған 9 қабатты қос үй көп тостырмай иелерін тапты. Қоныстанушылардың "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ салымшылары екенін айта кеткен жөн. DSCN3043
DSCN3038
DSCN3050Қуанышы қойнына сыймай жүрген жандардың бірі – Игорь Қайдарұлы. 27 жастағы Науырзым ауданының тумасы тәртіп сақшысы болып қызмет етеді. DSCN3103
– Бұл күнді көптен күткен едім. Алайда жас күнгі арманымды небәрі 3 жылда жүзеге асыру мүмкін болды. Ең әуелі анам мен артымнан ерген үш бауырымды қуантқаныма разымын. Өзім қызмет бабымен Тобыл стансасына ауысқандықтан, аталған жақындарым осы шаңырақты қоныстанатын болады. Бұдан кейін "үйленсем" деген арманыма қол созым қалғанымды жасырмаймын. Халыққа қолайлы мүмкіндіктер жасап бергені үшін елдің жанашыр ағаларына айтар алғысым шексіз, – дейді қазақ жігіт.
Басты қайғысы басыбайлы баспана болып жүрген талай қостанайлықтың қуанышын таяу келешекте әлі де бөлісерміз. Мақаланы газеттің алдағы санынан толығырақ оқи аласыздар.
 
Ж.Жүсіпбек
Суреттерді түсірген автор

You may also like...

10 Responses

  1. Ахмет айтты:

    Қаншама адам баспаналы болып жатыр соңғы кездерде. Керемет мүмкіндіктер емеспе.

  2. Самат айтты:

    Кезінде өзімізде мемлекеттік бағдарламамен өзіміздің баспанамызға ие болғанбыз. Кәзірде мүмкіндіктер жетерлік

  3. Малик айтты:

    ақпараттық жұмыс мықты жүруде. Үй алатын мүмкіндіктер барлығының басты назарында деп ойлаймын.

  4. Ерген айтты:

    Елбасының әлеуметтік бастамасы арқылы көптеген тұрғында үй алуда. Тез арада ірі масштабта жүзеге асырылуда жоба.

  5. Айбек айтты:

    Облыстың басты назарында екендігі байқалады осы жоба. Қаншама үй салынып жатыр, қалада аудандарда.

  6. Тимур айтты:

    Классно же когда столько людей обретают свой дом. Я думаю это лучший год для этого, в следующем году масштабы увеличаться гораздо больше.

  7. Мурат айтты:

    Очень много возможностей обрести свой дом. Конечно нужен источник дохода, капитал, без этого никак

  8. Абылай айтты:

    Были ведь разговоры о сертификатах? Это было бы наилучшим решением обретения жилья для молодых специалистов

  9. Даурен айтты:

    Побольше нужно продолжать строительство жилых домов в селськой местности. Ключ к привлечению молодых специалистов

  10. Әлібек айтты:

    Очень хорошая информационная работа проводиться по возможностям касательно получения своего жилого дома. Молодцы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓