Кира ГАРТМАН: Абайдың өлеңдерін оқып өстім

Қостанай облысы Полиция департаменті қызметкері мемлекеттік тіл байқауының қорытындысы бойынша үздіктер қатарынан көрінді. Полицияның аға лейтенанты Кира Гартман "Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы" атты республикалық байқауда екінші орынды иеленді. bf289694-c44d-4652-a920-7ea52956dbecКонкурс Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен онлайн режимде өткізіліп, оған мемлекеттік қызметте жүрген өзге ұлт өклідері қатысты. Бұл байқауда бас-аяғы 17 үміткер бақ сынаған.
Кира Гартман Қостанай облысы Полиция департаментінде Ақпараттандыру және байланыс басқармасының инженері болып  2019 жылдан бастап жұмыс істейді. Ол М.Есболатов атындағы Алматы Академиясын бітірген. 
Кираның мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығы бала кезінен ояныпты. Кейін Қостанай қаласының "Озат" мектебінде білім алған. Ол қазақ тілін насихаттауға арналған барлық конкурстарға қатысып, жеңімпаз атанып жүрді. Қазір аға лейтенант өз білімін мемлекеттік тілде жетілдіруді жалғастыруда. Кира облыстық "Тілдарын" орталығында тілді тереңдетіп оқыту бойынша латын әліпбиін меңгеріп жатыр. Аға лейтенант осы жерде оқып жүріп, аталмыш байқауға қатысуға өтініш берген.
Байқау екі кезеңге бөлінген. Бірінші айналымда Кира Гартман өзін бейнебаян арқылы таныстырды. Полицей өзі туралы, полициядағы жұмысы туралы, өзінің болмыс-әдеттері, сүйікті ісі мен қызығушылықтары туралы мемлекеттік тілде айтып, мәнерлеп өлең оқыды. Қатысушы қазақтың ұлы ақыны Абайдың шығармашылығын ерекше жақсы көретінін атап өтті. Ол Абайдың 175 жылдығына арналған челленджге белсене қатысқанын айтады.
"Абай Құнанбаевпен және оның бай мұрасымен танысу арқылы қазақ әдебиетінің көптеген шығармасын оқуға деген құштарлығым оянды", – дейді К.Гартман.
Екінші турда қызметкер тікелей эфирде қазылар алқасына еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы айтып, сұрақтарға жауап берді.
Қазылар алқасының шешімімен қостанайлық полицей үздік атанды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓