Жүлдегерге алғыс
Таяуда ғана ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен "Рухани қазына-2020" республикалық байқауында Қостанай облысының мамандары үздіктер қатарынан көрінген еді. Солардың ішінде "Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана қызметкері" аталымын жүзден жүйрік шыққан Гүлжазира Бірмағамбетова иеленген болатын. Науырзым ауданына қарасты Шилі ауылының кітапханашысына министр алғыс хат пен 500 000 теңгенің сертификатын табыстаған-тын. Жеңімпаздың жүлдесі туған жерінде үстемеленіп отыр. Аудан әкімі Талғат Кәрбозов Гүлжазира Сапарғалиқызын аудан абыройын республикалық деңгейде асқақтатқаны үшін алғыс хатпен марапаттап, қолына 50 000 теңгенің сертификатын ұстатты.