Сұрапыл шақтың куәгерлері
1945 жылдың 11-сәуірі – фашистердің қолына түскен тұтқындардың азат болған күні. Жыл сайын аталып өтетін атаулы дата биыл да ескерусіз қалмады. «Мирас» мәдениет үйінде ардагерлерге құрмет көрсетілді. Айтулы шараға қала әкімінің орынбасары Рүстем Қаркенов келіп қатысты.
(Сурет top-news сайтынан алынды)
Бұл күні жасы 88-ге келген соғыс ардагері Леонид Дьячко сол қаһарлы күндерді әлі есінен шығарған емес. Жиналған жас ұрпаққа өз сөзінде жау қолына түскен сәтінен сыр шертті:
-1943 жылы мен Украинаның Днепродзержинск қаласында тұрдым. Жасым 14-те еді. Кейін шегінген фашистер жолай кездескен барлық адамды тұтқынға ала бастады. Колонияға бізбен бірге тұтқынға мыңға жуық адам түсті. Әлі есімде, күндердің бір күнінде, таң алдында, даланың тұманын пайдаланып, біз қашуды ұйғардық. Сайға түсіп тығылдық. Сол кезде қасымызға келіп аялдаған көліктің дауысы естілді. Олар қашқындардың басқа бір тобырын қолға түсіріп, біздің көзіміше атып тастады. Артынша біз жасырынған сайға тақап, өз тілінде бізге шығуды бұйырды. «Киндер, ком!» – бұл сөздерді мен мәңгіге жадымда сақтап қалдым. Біз шықтық. Тұла бойымды сөзбен жеткізу мүмкін емес қорқыныш биледі. Бізге де оқ жаудыратын шығар деп ойладым. Бірақ, бізді теміржол вокзалына апарып, бір вагонға қамады. Алты адамға су мен бір бөлке нан берді. Осылайша концлагерге жеттік. Сосын мұның Освенце қаласы екенін білдім.
Ол жерде бізді саралап, бөлді. Ер балаларды басқа бөлімге әкетті. Бізге медициналық тәжірибелер жүргізетін. Балалар жүдеп, тіпті, арқасымен төсекке жатай алмай қалатын. Тұтқындарды өртеу үшін оларды кезекке тұрғызып, қалжырап құлағандарын қамшымен ұрып-ұрып жіберетін,-деп көзіне жас алды ардагер.
Кейін ер балалар көршілес Аушвиц лагеріне ауыстырылған. Тағдырдың жазуымен бала Леонид сол лагерден қашып құтылады. Өз ауылына дейін жеткенше бір ай бойы дала кезген. Соғыс аяқталған соң құрылысшы техникумында білім алып, әскери борышын да өтепті.
Осындай 30 ардагер кездесуде бой көрсетті. Бәрі де қорқыныш пен ауыр күндерді бастарынан өткізген. Өліммен бетпе-бет кездесіп, талай рет аман қалған. Олардың пешенесіне бейбіт күннің куәсі болу жазылған екен.