Арқалыққа Б.Байбек келді

«Nur Otan» патриясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Арқалық қаласында жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.201014103543323a3706030i
«Арқалыққа келдім. Тұрғындармен бірге «Nur Otan»-ның қалалық сайлауалды бағдарламасының жобасын талқыладық. Өздеріңіз білетіндей, партия лидері Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен әрбір елдімекеннің ерекшелігі мен мәселелерін ескере отырып, «Nur Otan» тұңғыш рет әр өңір, қала мен аудан бойынша 216 сайлауалды бағдарламаның жобаларын әзірледі. Елбасы атап өткендей, «Nur Otan» – нақты істердің партиясы, біздің сайлауалды уәделеріміздің барлығы тыңғылықты есептелуі тиіс». Сондықтан 5 жылдық бағдарламаларда көрнекі индикаторлар көрсетілді, бюджеттің мүмкіндігімен сәйкестендірілген нақты басымдықтар реті көзделді. Ел Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы іске асырыла отырып, партияның барлық сайлауалды бағдарламалары азаматтардың талап-тілектері ескеріліп пысықталады», – деп жазды партия басшысы Facebook парақшасында.
Оның айтуынша, Арқалық қаласында партияішілік праймериз барысында 117 нақты ұсыныс түскен. Тұрғындарды аула алаңдарын абаттандыру мен көшелерді жарықтандыру, білім мен денсаулық сақтау нысандарын, жолдар мен инженерлік желілерді жөндеу секілді мәселелер толғандырады. Партия филиалы басшылығының мәліметінше, осы мәселелердің барлығы бағдарламаларды пысықтау кезінде ескерілген.2010141009326197g
«Сонымен бірге бағдарламаның бірқатар бағыттары қосымша пысықтауды қажет етеді деп санаймын. Мысалы, қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі – 13 елдімекенде ұялы байланыспен қамтамасыз ету және интернеттің жылдамдығын арттыру. Бұдан басқа, қала тұрғындары балалардың ойын алаңдары сапасының нашарлығына шағым айтып, ескі автобустарды ауыстыру мәселесін көтеруде. Торғай боксит кен басқармасының жабылуы жоспарлануына байланысты 500-дей адамды жұмыспен қамту қажет. Сайлауалды бағдарлама аясында бұл мәселе партиялық бақылауға алынады. Бұл ретте босатылатын адамдардың бір бөлігі қазіргі кезде басқа кәсіпорындарға жұмысқа орналасты. Солардың бірі – «Торғай Ет» ет өңдеу кешені. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовпен бірге қалада 120-дай жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берген өндіріс алаңын араладым», – дейді Бауыржан Байбек. Сапар барысында партия төрағасының орынбасары қаланы жылумен қамту жүйесін реконструкциялау жайымен де танысты. Осының аясында Арқалық ЖЭЦ-і мазуттан көмірге көшірілмек.2010141009351799g
Бұл шара жыл сайын 2 миллиардқа дейін бюджет қаражатын үнемдеп, оны қаланың басқа қажеттіліктеріне қайта бағыттауға мүмкіндік береді. Бұл жобаны 2021 жылы аяқтау міндеті «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына енгізілген.2010141009342998g
«Сонымен қатар Арқалық аймақтық ауруханасының ұжымымен кездестім. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев таяуда сөйлеген сөзінде пандемияның екінші толқыны болған жағдайда негізгі ауыртпалықтың тағы да дәрігерлерге түсетінін атап өткен болатын. Оның тапсырмасы бойынша екінші жартыжылдықта төлемақыға 150 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. «Nur Otan» партиясы фракциясының депутаттары биыл медицина қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесін көтеру мен қорғауға бағытталған жаңа «Денсаулық туралы» кодексті қабылдады. Медицина қызметкерлерімен бірге партияның сайлауалды бағдарламасын талқыладық. Онда денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық жабдықталуын жақсарту және халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша нақты индикаторлар қамтылған», – деп түйіндеді партия басшысы.

 

 

 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓