35 жыл құжатсыз жүрген

Амангелді ауданының полиция қызметкерлері ауыл тұрғынына жеке құжаттарын алуға көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аудандық полиция бөлімінің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап. 201013114108970eАмантоғай ауылының тұрғыны Дүкенбай Смағұлов 35 жылдан астам уақыт құжатсыз тұрып келген. Амангелді аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Д.Қошпанов пен көші-қон қызмет тобының аға инспекторы Ж.Әбдіғамидов 56 жастағы азаматқа жеке куәлік алуға көмектесті.
«Кеңес үкіметі кезінде берілген паспортымды 1985 жылы жоғалтып алдым. Содан бері жеке басымды куәландыратын құжатсыз жүрдім. Жоғалтып алған құжатты қайта қалпына келтіретін мүмкіндік болмады. Полицияға уақытылы жүгіне алмадым», – дейді ауыл тұрғыны.2010131142293688g
Дүкенбай Смағұлов көрсетілген көмек үшін Амангелді аудандық полиция бөлімінің басшысына алғыс айтты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓