Өрт ішінде қалған
Қалалық ТЖБ хабарлауынша, өрт күн бұрын Аманкелді көшесіндегі 4-үйде таңғы сағат 8 кезінде тұтанған. Алауды ауыздықтау барысында үйдің бөлмелерінің бірінен өрт сөндірушілер үй иесінің мүрдесін тапты. Мамандар оның денесінде ешқандай зорлық-зомбылық, қылмыстық әрекеттің ізі жоқ екенін анықтады. Оттың тұтануына мас күйінде төсек үстінде темекі шегуі себепші болуы мүмкін деген жорамал айтылуда.