Жөндеу жұмыстарына – 9,2 млрд

WhatsApp Image 2020-08-07 at 13.29.07       
Аймақта білім беру инфрақұрылымын дамыту, жөндеу жұмыстарын жүргізу қарқыны жалғасуда. Заманауи мектептердің ауқымды құрылысы жүргізіліп жатыр. Алдағы қыркүйек айында Әулиекөл ауданының Аманқарағай кентінде 320 орындық мемлекеттік тілде оқытатын жаңа мектеп өз есігін ашады. Сондай-ақ, осы жылдың соңына дейін Қостанай қаласының «Юбилейный» шағын ауданында 1200 орындық мектептің және Қарасу ауданы Қарасу ауылында 320 орынға арналған мектептің құрылысы аяқталады.
regnum_picture_1564576655964314_normal
         Өңірлік коммуникация орталығында өткен брифингте алдағы 2020-2021 оқу жылына дайындық жөнінде баяндаған Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов осылай деді.
         – 131 білім беру нысанының күрделі және ағымдағы жөндеулерін іске асыруға теңдессіз сома – 9,2 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2,6 есе көп (2019 жылы – 3,5 млрд теңге). Жалпы, барлық нысандарда жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Қазіргі уақытта 131 нысанның 91-і (70%) аяқталып қалды. Қалған жөндеу жұмыстары 1 қыркүйектен кейін жоспарлы түрде жалғасатын 5 нысанды қоспағанда (Қостанай қаласының №6, 4, 19 мектептері, Меңдіқара ауданының Михайлов ОМ, Әулиекөл ауданының Сұлукөл ОМ) оқу жылы басталғанға дейін аяқталады. Осыған байланысты, қалалар мен аудандардың әкімдіктері оқушыларды жақын орналасқан мектептерге қайта бөлу немесе қашықтан оқытуды жалғастыру арқылы жаңа оқу жылының басталуына кедергі келтірмеу бойынша шаралар әзірледі, – деді А.Мұхамбетов.
videonablyudenie-v-shkole
         Сондай-ақ, өңірде білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау жұмыстары аяқталды. Облыстық бюджеттен осы мақсатқа 187 млн теңге бағытталыпты. Бүгінгі таңда 460 мектеп (94%) бейнебақылау камераларымен жабдықталған. 122 мемлекеттік балабақшаның 112-сі камералармен жабдықталған. Оқу жылы басталғанға дейін жұмыс толық көлемде аяқталады. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓