Қостанай өңірлік университетіндегі оң өзгерістер

Биылғы жылы маңызды тарихи оқиға болды – аймақтағы екі ірі университет бір университетке біріктірілді. Шілде айында біз тіркеуден өтіп, «А.Байтұрсынов атындағы «Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғам мәртебесін алдық. 2
 Студенттер үшін академиялық ұтқырлық пен ауқымды іс-шаралардың мүмкіндіктері кеңейді. Оқытушылардың еңбек ақысы өсті. 
Аймақта экономиканың барлық басым салалары үшін мамандар дайындайтын, берік материалдық-техникалық базасы бар ірі көпсалалы университет пайда болды.
Бүгінгі таңда университетте 7153 студент оқиды (бакалавриат – 6597, магистратура – 493, докторантура – 63), оларға 685 оқытушы білім береді. Қаланың әр түрлі аудандарында 7 ғимарат орналасқан, 2 ғылыми-зерттеу институты, 7 спорттық ғимарат пен алаң, 1750 студентке арналған 3 жатақхана бар. 
Елбасының Үшінші бастамасын іске асыру шеңберінде: «Жоғары білімнің қол жетімділігі мен сапасын арттыру және студент жастардың өмір сүру жағдайларын жақсарту» мақсатында ​​екі ірі нысан салынуда. 
Абай даңғылы 28-де 700 орындық 9 қабатты жатақхана салу жоспарлануда. Жобалық-сметалық құжаттамаға төсек-орынды 700-ге дейін көбейте отырып, 2,5 млрд-тан 1,6 млрд-қа дейін төмендету үшін түзету енгіздік. Мердігер – «Мастер-2007» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, онымен консорциумдық келісім жасалды. Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырылады. Жұмыс кестесіне сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстары жуық арада, қазан айында басталады. Жатақхана 2021 жылдың 31 желтоқсанында пайдалануға беріледі.  
Қазіргі жатақхана ғимаратын да қайта жөндеуден өткізу жоспарда бар. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттар дайындалып жатыр және 2021 жылы қосымша 150 орынмен толығады. 
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ғылымды дамыту қажеттілігі мен зерттеулердің қолданбалы маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Университет «КАМАЗ» ЖАҚ-пен (Ресей Федерациясы) бірлесіп, Қазақстан Республикасында машина жасаудың инновациялық ғылыми-білім беру кластерін дамытудың жобасын жасады. Қыркүйектің 27-де Қостанай облысының аумағында зауыт құрылысына тас қалау салтанатты рәсімі аясында университет «Камаз» жақ серіктесі болды. Құру идеясы 2019 жылдың тамыз айында пайда болды, себебі біздің өңірдің индустриялық аймағында Қазақстан Республикасының 2020-2025 жылдарға арналған «Export for Development» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Технологиялық даму және цифрландыру бөлігінде индустриялық аймақ құрылды. 
Студенттер бакалавриат, магистратура және докторантурада (жылу энергетикасы, машина жасау, математикалық инжиниринг, компьютерлік лингвистика, көлік, көлік техникасы мен технологиялары, электр энергетикасы) алған теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алатын «Инжиниринг орталығы» салынады. 
Биылғы жылы университетте ветеринарлық бағыттар бойынша диссертациялық кеңес ашылды, ол дегеніміз – облыстан шықпай-ақ PhD докторы дәрежесін алуға мүмкіндік ашылды деген сөз. Қазір біз бұл тізімді кеңейтудің үстіндеміз. 
Демек, 17-18 жасында біздің университетті таңдаған талапкерлер 26-27 жасында академиялық білім берудің барлық сатыларынан өтіп, PhD докторы атағын алып шығады.  
Жаңа дәуір  жоғары дәрежелі маман болуды талап етеді. Мұндай білікті мамандарды Қостанай өңірлік университеті дайындайды. 
 
 
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің
баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓