Із-түссіз кеткеніне бір жыл…
Қостанай қаласының полиция басқармасы із-түзсіз жоғалған Тимур Болатұлы Молдабаевқа іздеу салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
29 жастағы Тимур Молдабаев 2019 жылдың қараша айында Қостанай ауданының Мичурин ауылындағы үйінен шығып кеткен. Қазіргі уақытта полиция осы дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабымен («Кісі өлтіру») тергеу шараларын бастады.
«Сол уақыттан бері Тимур Молдабаевтан хабар жоқ. Үстінде қара түсті жолағы бар куртка, қара түсті джинс шалбар, қара күрте, қысқы кроссовка, қара түсті тоқылған бас киім болуы мүмкін», – делінген полиция ақпаратында.
Полиция іздеу салынған ер адамның ерекше белгілерін жариялады: арық денелі, бойы шамамен 167 см, шашы қара түсті, көзі қоңыр, ерні жіңішке.
Тимур Молдабаев туралы ақпараты бар адамдарға 52-67-97, 52-60-54, 52-68-05, 8-778-336-93-33, 8-705-871-47-84, 8-778-933-33-06 немесе «102» нөмірі бойынша хабарласуға болады.