Полицейлер жетім балаларға тарту жасады

Қостанай қаласындағы Қазақ драма театрында облыстық балалар үйінің тәлімденушілері жаңажылдық тартуға қарық болды. Мерекелік шараға облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Тлеген Маткенов қатысып, жаутаңкөздердің қуанышымен бөлісті.Генерал Тлеген Маткенов вручил сертификат директору областного детского дома Сергею Архипкин1у
Биыл тәртіп сақшылары жаңажылдық сыйлық ретінде жетім балаларға теннис үстелін тарту етті. Полицейлер бұл қуаныш балдырғандар есінде ұзаққа сақталып, спорттың осы түріне машықтануына, тіпті осы саланың мықты өкілі болып қалыптасуына  зор ықпал жасайды деп сенеді.
Тәртіп сақшылары жәудіркөздерге мейрам қарсаңында қамқорлық көрсетуді дәстүрге айналдырғанына 10 жылдан асқан. Кетіп бара жатқан жылы оларға арналып волейболдан жаттығу ұйымдастырылып, спорттық құрал-жабдықтармен қамсыздандырған еді. Мұндай ізгі үрдістер атаулы күндерден тыс уақыттарда да үзілметінін айтты Т.Маткенов.
Салтанатты шара аясында облыстық балалар үйінің директоры Сергей Архипкин тәлімденушілер арасында өткен шығармашылық байқаулардың қорытындысын шығарды. Бұл байқаулар жаңажылдық демалыс қарсаңында өткен болатын. Мұнан соң шара қазақ драма театрының әртістері дайындаған спектакльмен жалғасты. Актерлар балаларға арнап заманауи ертегі даярлапты. Балдырғандар ықыласпен тамашалап, мәз болып тарқасты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓