Б.Майлин ауданын жаңа әкім басқарады
Бейімбет Майлин аудандық мәслихат депутаттарымен келісе отырып, Қостанай облысы әкімінің өкімімен Бейімбет Малин ауданының әкімі лауазымына Қайсар Батырханұлы Мұржақыпов тағайындалды. Оны бүгін аудан активінің жиналысында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов таныстырды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қайсар Мұржақыпов 1985 жылы 3 маусымда Қостанай облысы Қостанай ауданы Алтын Дала ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Ахмет Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Экономика» және «құқық» мамандықтары бойынша бітірген.
Естеріңізге сала кетейік, Бейімбет Майлин ауданының бұрынғы әкімі Қуандық Испергенов Рудный қаласының әкімі болып тағайындалған еді.