«Дорпер» қой тұқымы өсірілмек

Қостанай облысында «Бастау Бизнес» жобасы қарқынды жүзеге асуда.кой
Облыста «Бастау Бизнес» жобасы бойынша өтінім берген 779 адамның 180-і қазірдің өзінде кәсібін қолға алды. Бизнес-стратегиялар ірі қара өсірумен, қой-ешкі баптау, сүт өндірісін құру және бордақылау алаңдарын салуды көздейді. Ал Қостанай облысы ауыл шаруашылығы басқармасы бұларға ерекше назар аударып отыр. 
«Атамекен» кәсіпкерлер Палатасының сарапшысы Роберт Юсуповтің айтуынша, құрылыс материалдарының өндірісі, жүк тасымалы сияқты басқа да ауқымды жобалар бар. Алайда, комиссия мүшелері Қайрат Әубәкіров есімді жас кәсіпкердің бастамасын қолдайды.
Кәсіпкер Әулиекөл ауданында асыл тұқымды «дорпер» қойларын инновациялық жолмен көбейту және таратуды қолға алмақшы. Ол үшін "Атамекен" микроқаржы ұйымынан 2,5 млн теңге несие алу қажет. «Бастау Бизнес» жобасының қатысушысы қазірдің өзінде жайылымдық алқаптар тапты.
«Австралияның «дорпер» тұқымды қойының еті қалың. Ол екі-үш күн су ішпей жүре береді. Терісіне құрт жоламайды, жүні өзі түсіп қалады. Қойдың салмағы – 140 келі. Аптап ыстықта да, отыз градустық аязда да шыдамды түлік шөпті көп жемейді. Шаруаға керегі осы. Егер менің жобам қабылданса, 20-30 бас «дорпер» тұқымды қойды сатып аламын», – деді Қайрат Әубәкіров.
Қазірге дейін «Бастау Бизнес» жобасына өңірдің алты ауданы қатысқан. Олар: Әулиекөл, Қарабалық, Қарасу, Қостанай, Меңдіқара, Федоров.
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ

You may also like...

2 Responses

  1. Нурбола айтты:

    Негізі, бұл Шопан Ата түлігінің шыққан жері Австралия емес, Оңтүстік Африка.  Жақсы бастама, іске сайт!

  2. Нурбола айтты:

    Кешириниз, емес дегем.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓