Ел қалаған таңдау жасалатын күн!

Бүгін – Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы басталды. Бүкіл еліміз бойынша аса маңызды бұл науқанға Сарыкөл тұрғындары да таңмен таласа белсенді атсалысуда. Себебі, олар да еліміздің ертеңі үшін маңызды таңдау жасауға асығады.IMG_8056
«Сіз үшін сайлаудың маңызы қандай, не мақсатпен келдіңіз?» – деген сауалымызға №669 сайлау учаскісі бойынша ең бірінші дауыс берген сарыкөлдік тұрғын, Ұлы Отан соғысының ардагері Павел Черепахин:Павел Черепахин -«Сайлау тек саяси науқан емес, ол елдің ертеңін сеніп тапсыратын тұлғаны таңдау – деп үн қатты. Ал, № 675-ші сайлау учаскісінде жолыққан «Күміс алқа» иегері, зейнеткер Зылиха Қарпекова болса: Зылиха Қарпекова– «Қазір, елімізді тыныштықтың бесігі тербеп отыр. Осы береке бірлігіміз ұзағынан болсын деймін. Бүгінгі таңдауымыз – жарқын болашаққа басқан тағы бір қадам болсын. Балаларым мен немерелерімнің болашағы үшін дауыс бердім  – деп ерекше аналық ықыласын білдірді. Сондай-ақ, № 672-ші сайлау учаскінде алғаш дауыс берушілердің тізімінде тұрған 18 жасар студент өзінің дауыс беруге қатысқанын бақытқа балап, алған әсерімен: Қуандық Тоқтар– «Мен, өмірімде ең өте қуанышты сәтті бастан өткізіп тұрмын. Қазақстан Республикасы Президенті сайлауына қатысып, өз таңдауымды жасадым  – деп бөлісті Қуандық Тоқтар.
Жалпы, аудан бойынша 41 сайлау учаскесі жұмыс жасауда, оның 9-ы орталықта орналасса, ал қалғандары ауылдық жерлерде.
Аудандық сайлау комиссиясының сағат 7.00-ден 12-ге дейінгі берген сайлаушылардың сайлауға қатысу жайлы ақпараты бойынша, алдын ала тізімге тіркелген 15062 азаматтың 11824-і немесе 78,5 пайызы дауыс берді.
Сарыкөлдіктердің саф көңілі кімді қалайды, жомарт жүрегінің лүпілі кім деп соғады? Бұл сауалдарға толыққанды жауапты сайлау аяқталған соң білетін боламыз…
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓