Астанаға арзан өнім апарды

Өткен сенбіде Нұр-Сұлтан қаласында Қостанай облысының кәсіпкерлері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізді.3a8eec75-4f0f-45de-bb90-1af9ad1397deҚостанайлық кәсіпкерлер 100-ден астам өнім түрінің 300 тоннасын саудаға салды. Атап айтқанда,  ет – 50 тонна, сүт өнімдері – 35 тонна, шұжық өнімдері мен жартылай фабрикаттар – 20 тонна, жарма және макарон өнімдері – 30 тонна, картоп пен көкөністер – 60 тонна, ұн – 50 тонна. Сондай-ақ, нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер, бал іспетті өнімдер  саудаға салынған.
Жәрмеңкеде елімізде ғана емес, шет елдерге де танылып үлгерген "Милх" ЖШС, "ДЕП" ЖШС, "Лидер-2010" ЖШС, "Баян сұлу" АҚ, "Тэрра" ШҚ, "Қаржау" ШҚ іспетті кәсіпорындардың өнімдері ұсынылған. Сауданың нарықтық бағадан 15-20% төмен бағамен ұйымдастырылғанын атап өткен жөн.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓