Инфекция жұқтырғандар жоқ

    Бүгін Қостанай қаласына "Шарм-эль-Шейх-Қостанай" бағытындағы ЖСЖ-5065 әуе рейсі қонды. Жолаушылар медициналық қызметкерлердің бақылауына алынды. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық.
    Ұшақ бортында барлығы 237 жолаушы және 7 экипаж мүшесі болған. Олардың 152-і Ресей Федерациясының, 1-і Украина, 84-і Қазақстан азаматтары.
    Жолаушыларды әуежайдан полиция қызметкерлері, эпидемиологтар және жедел жәрдем қызметкерлері бірге қарсы алды. Содан кейін ресейліктер Ресей Федерациясының шекарасына дейін жеткізілді.
    "Бүгінгі күні облыста 39 адам ауруханаға жатқызылды, карантинде – 24 адам бар. Індет жұқтырғандар жоқ," деп хабарлайды Қостанай облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓