ҚЫСТЫҢ ҚАМЫ

Облыс әкімі Қостанай қаласының жылу қазандықтарын аралап, 2020-2021 жылу беру маусымының өткізілу барысын тексерді. Бұл жөнінде аймақ басшысы Инстаграм әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазды.59df9d0f-d992-4737-a082-093ad2cd0322
"28 қыркүйектен бастап жылу беру маусымына барлық әлеуметтік сала нысандары, сондай-ақ барлық тұрғын үйлер дайындалды. Жылу компаниясы осы мақсатқа өз қаражаты есебінен 303 млн теңге бөлді. Қазандықтардың бу және су жылыту қазандықтарына күрделі жөндеу жүргізілді. Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында қаланың жылу желілерінде жұмыстар қолға алынды.Оның ішінде, 2,3 млрд теңге сомасына қайта құру бойынша 3 жоба орындалды. Сонымен қатар, "Қостанай қаласының жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту" жобасы аясында 21 іс-шара жоспарланған, атап айтқанда 4 436,833 млн теңгеге шақ 18 іс-шара іске асырылды, қалған 3 жоба аяқталуға жақын," – деп хабарлайды әкім.
 
Ж.Төкенұлы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓