Жапа шеккендерге жәрдем бар
Құс тұмауына байланысты облыс әкімінің қаулысымен карантин енгізілген елді мекендердің тұрғындарына өлген құстарына өтемақы төленеді. Бұл туралы облыстық Ветеринария басқармасы мамандары хабарлады.
Құжаттарды жинап, өтемақы төлеуді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Республикалық эпизоотияға қарсы отряд" мекемесінің Қостанайдағы филиалы жүзеге асырады. Өтемақы алуға қажетті құжаттар:
1. Ветеринарлық лабораторияның сараптама актісі;
2. Елді мекенге карантин белгіленгені туралы қаулы;
3. Құсты, өлексесін жою үшін алғаны туралы акті;
4. Құсты, өлексені жою үшін алу туралы қаулы;
5.Құстың жойылғаны туралы акті;
6. Құстың орташа айлық нарықтық құны туралы акті;
7. Ауылдық округ әкімдігінің сізде құс бар екендігі туралы анықтама;
8. Құс иесінің "Қазпошта" АҚ немесе Банкідегі жеке шоты.
Ескеретін жағдай, осы тізбедегі 7-ші мен 8-ші құжаттарды өтемақы алушы өзі жинауы керек. Қалғаны өтемақы төлеуші мекемеде бар. Сұрақтарыңыз болса, ауылдық әкімдікке хабарласыңыз.