Шәкіртақы көбейеді

Ғылым және жоғары білім министрлігі білім беру ұйымдарында мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеу туралы үкіметтің қаулысына өзгерістер енгізуді жоспарлаған. Студенттерден бөлек магистратура мен докторантурада оқитындардың да шәкіртақысы көтерілмекші , деп хабарлайды Экспресс К.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында оқитындар үшін ай сайынғы мемлекеттік стипендияның мөлшері былайша белгіленбек:
Даярлаудың педагогикалық бағыттарында және "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша оқитын студенттерді қоспағанда, жоғары оқу орындарының студенттеріне — 36 660 теңге ( қазір 31 423)
Педагогика бағыттарында оқитын студенттерге — 58 800 теңге ( қазір 50 400 )
"Денсаулық сақтау" бағытында оқитын студенттерге — 58 800 теңге ( қазір 50 400 )
Интерндерге — 61 660 теңге ( қазір 59 289 )
Магистранттарға — 86 987 теңге ( қазір 76 950)
"Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттарға — 162 500 теңге ( қазір 143 750)
Докторанттарға — 195 000 теңге ( қазір 172 500)
"Денсаулық сақтау" бағытындағы докторанттарға 195 000 теңге (қазір 172 500)
"Денсаулық сақтау" бағытындағы дәрігер-резиденттерге және магистранттарға — 100 036 теңге (қазір 88 494)
Мемлекеттік органдардан оқуға жіберілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттарына соңғы жұмыс орны бойынша лауазымдық жалақысы, оған қосымша бірақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алып жатқан магистранттар үшін белгіленген мемлекеттік стипендиядан төмен емес деңгейде төленеді.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге — 21 787 теңге ( өзгеріссіз).
Жаңа мөлшердегі шәкіртақы 1 қыркүйектен бастап енгізіледі. Нормативті — құқықтық акт "Ашық үкімет" сайтында жарияланған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓