Ірі жоба қолға алынды
Қостанай ауданында баламалы энергетика өндіру жоспары аясында ірі жоба – жел электр станциясын салу қолға алынды. Қазірде қуаты 50 МВт бар "Ыбырай" жел электр станциясының құрылысы жүріп жатыр. Жоба "Жел электрик" ЖШС тапсырысы бойынша жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылуда. Негізі 2
20 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Жобаға сәйкес жыл сайын 179 миллион киловатт сағат электр энергиясы өндірілетін болады.

– Жұмыс қарқынды түрде жүргізіліп жытыр. Қондырғыларды жинап, монтаждауға арналған жабдық келіп жеткізілуде, әзірге үш қондырғы орнатылған. Барлығы 16 жел генераторы салынады деген мақсат бар, – дейді осы жердің құрылысымен танысып қайтқан Қостанай ауданының әкімі Жансұлтан Тәукенов.