COVID-19: 2914 адам айықты
26 қыркүйекте Қостанай облысында коронавирус инфекциясын 3 адам жұқтырды.Індетті жұқтырған – Қостанай қаласының тұрғындары. Емделушілер өз еріктерімен медициналық көмекке жүгініп, профилактикалық мақсатта тексерілген, сондай-ақ олар тамақ ауруы, дене қызуы, әлсіздік, бас айналу белгілерімен шағымдана келген. ПТР зерттеудің қорытындысы бойынша, олардың осы дертті бұрын жұқтырған адармен байланыста болғаны анықталды.
Науқастармен жақын қатынаста болған адамдар анықталуда, барлығы медициналық бақылауға алынады. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасады.
2020 жылғы 25 қыркүйектегі жағдай бойынша, облыста COVID-19 жұқтырғандар саны 3478-ге жетіп отыр. 2914 адам емделіп шықты. Ал жалпы елдегі мәліметке сүйенсек, осы күнге дейін осы дерттен 102 666 адам құлантаза айыққан.