Сананы сілкінткен семинар

Қостанайда БАҚ өкілдеріне арналған «Мультимедиалық журналистика: сапалы контент дайындау мәселелері» атты семинар-тренинг өтті. Оған Алматы мен Нұр-Сұлтаннан медиа саласының майталмандары арнайы келіп, сауатты жазу, деректерді жинау және өңдеу, тартымды тақырып қою, қазақтілді табысты сайт жасау мәселелері бойынша өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісті.IMG_0387
Еуразиялық Топтың өңірлік журналистердің кәсіби біліктілігін арттыру жобасы Павлодар, Ақтөбені қамтып, Тобылға табан тіреді. Тренингке «Егемен Қазақстан», «Қостанай таңы», «Біздің Қостанай», «Нұрлы жол», «Магнетит» басылымдары мен «Астана», «Qostanai», «Алау», «Рудный даусы» телекомпанияларының қызметкерлері қатысты.IMG_0398
Алдымен интернет тілін алғаш меңгеріп, 100-ге тарта қазақ тілді сайттың дүниеге келіп, дамуында өзіндік қолтаңбасы бар белгілі маман Мейрамхан Жәпек ақпараттық сауаттылық тақырыбында сөз қозғап, қатысушылармен өзі ойлап тапқан «Media Jungle» ойынын өткізді.IMG_0429
 
IMG_0377«Каспий банк» АҚ баспасөз хатшысы, 7kun.kz ақпарат агенттігінің жетекшісі Ербол Азанбек қаржы және экономика саласында сапалы контент дайындау тәсілдері, іскерлік журналистика мен қазақ тілді табысты сайт жасау жолдары туралы айтып берді.IMG_0487
– Өкінішке қарай, қаракөздеріміздің қаржылық сауатсыздығы орташадан төмен деңгейде қалып отыр. Біз несие алу, депозит тағы да басқа мәселелерге келгенде банк ұсынған қаржылық өнімдерді алдын ала зерттеу түгіл, қолға берілген келісімшарттың бір сөзін де оқымай, қол қоя саламыз. Кейін «даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры» басталады. Осы тұста қазақ журналистеріне ағартушылық контентке көңіл бөліп, табысты әлеуметтік желі парақшасы мен сайт жасауға зор мүмкіндіктер бар, – дейді ол.IMG_0436
Журналистиканың қаламы жүйрік жампозы, белгілі публицист Қайнар Олжай стиль қалыптастыру, тақырып таңдау, мақаланың формасы, журналистикадағы жанр мен жіберілетін қателіктер тұрғысында ой-тәжірибесімен бөлісті. Қағытпа қалжыңымен, дәйек-дерегімен аудиторияны аузына қаратқан дәріскерге қостанайлық тілшілердің ықыласы ерек.IMG_0684
– Әдебиет пен тарихтан терең хабардар, халықтың тамырын дөп басатын, әрі логикалық ойлау қабілеті жоғары адамнан ғана мықты журналист шығады. Табан астында тапқырлық танытып, бар білімді дұрыс пайдалана білу де керекті қабілет. Алдын ала қамданып, тақырыбын терең қаузай білмегенінің салдарынан талай тілші белгілі ғалымдар мен өнер қайраткерлері алдында тауы шағылып қайтады. Әңгіме өрбітуге өресі жетпеген маман алтын сандықтың кілтін аша алмайды, – дейді ол.IMG_0706
Шеберлік сағатында тыңнан ой өрбітіп, сергек сөз саптаған білікті журналист әріптестеріне барынша көп оқып, ізденіс үстінде болу керек дей келе, журналист – көп салалы мамандық болғандықтан, әр дүниенің түп-тамырынан зерделеуге шақырды.IMG_0818
 
IMG_0368Тренингтің соңында сертификат пен арнайы естелік сыйлықтарға ие болған журналисттер іс-шара туралы өз ойларымен бөлісті.IMG_0829
 
IMG_0967
IMG_0980
IMG_1044
IMG_1063Заңғар Санай, «Астана» телеканалының тілшісі:
"Білгенім аз, білмегім көп. Тобыл төрінде ұйымдастырылған бір күндік семинар-тренингтен мың күндік азық жинадым. Қазақ журналистикасының қара нары Қайнар Олжайдың дәрісін тыңдап, дидарласудың сәті түсті. Қазақ мультимедиасының негізін қалаушы Мейрамхан Жәпектің ойната отырып, ойға кенелтетін тәлімгерлік тәсіліне тәнті болдым. Медиа кеңістікте тұңғыш 7 kun.kz іскер жаңалықтар сайтын ашқан Ербол Азанбек екі сағаттың ішінде экономика, қаржы саласына қатысты сапалы контент дайындауды санаға сіңірді. Алашқа алғаш «ULYS» цифрлық журналын ұсынған Ержан Қалымбай тәжірибесімен бөлісіп, жадымызды жаңғыртты.
Кейде шаблоннан шыға алмай, сауатты сөйлем құра алмай қалатыным шындық. Кешегі тегін тренинг қаламыма қанат бітірді. Қазіргі журналистикасымен қайта қауыштым. Сана сілкінді. Сан сауал іркілді. Тағылымды тәлімгерлер: Қайнар Олжай, Мейрамхан Жәпек, Ержан Қалымбай, Ербол Азанбекке мың алғыс. Семинарға мұрындық болған ERG мен AMAL Pro компаниясының өкілдері қос Жанболатқа көп рахмет!"
Айнагүл Оспанова, «ССКӨБ» АҚ «Магнетит» газетінің редакторы:
"Өңірімізде қазақ тілді журналистерге арнап өткізілетін дәріс-сабақтар жиі бола бермейді. Тегін дегенді былай қойып, ақылы негізде де өткізілмейді. Дегенмен, осы жолы сәті түсіп, алыс-шалғай өңірлерден жиналған әріптестермен қатар, бізге де осындай мазмұнды шараға қатысу мүмкіндігі бұйырды. Семинарда дәріс берген тренерлердің әрқайсысы қазақстандық медиа-кеңістігінде өз орнын таба білген дара тұлғалар. Олар қазіргі таңда қазақ журналистикасындағы өзекті, әлі мазмұны толыққанды ашылмаған тақырыптарды қозғап, қажетті мағлұматтарды ауыз толтырып айтарлықтай дәрежеде жеткізе білді. Әсіресе, телевизия саласының майталманы Қайнар Олжай ағамыздың тақырыпты дұрыс таңдау, мақалаға негіз болатын деректерді жинау мен өңдеу туралы лекциясы көңілімнен шықты. Өз басым қазіргі таңда газетте қызмет атқарып келетіндіктен, бұл тақырып маған жақын әрі пайдасы мол болып көрінді. Оның күнделікті шығатын газет-журналдар мен телеарна хабарларын мысал ретінде алып, олардың оң мен терісін ажырата отырып талдауы өз жұмысымызда осындай кемшіліктердің алдын алып, болдырмауға ой салды".
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓