“Онлайн-тәлімгер” сынақтан өтті
Қостанай облысында "Онлайн-тәлімгер" жобасы табысты сынақтан өтті. Жаңа онлайн жоба жас мемлекеттік қызметкерге тәлімгерлермен алғашқы кездесу өткізуге мүмкіндік берді. Осылайша, Қарабалық ауданы білім бөлімінің бас маманы Айнагүл Сағынбек жаңашылдықтың алғашқы ашушысы болып, өзінің тәлімгеріне қызықтыратын сұрақтарды қоя алды. Ал тәлімгер ретінде облыстық білім басқармасының басшысы Василий Цымбалюк сөз сөйледі, ол өз кезегінде қолданыстағы меритократия қағидатының жарқын үлгісі саналады. Кездесуде басқарма басшысы тиімді мемлекеттік қызметшінің басты ерекшеліктері мен сапасын атап өтті. Аймақ оқушыларының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған міндеттер қойылды. Білім беру саласындағы басты басымдықтар айтылды.
Айта кету керек, елімізде тәлімгерлік институты 2016 жылдан бастап жұмыс істейді. Алайда, облыстық мемлекеттік қызмет істері Департаменті қолданыстағы тәлімгерлік институты негізінде "Онлайн-тәлімгер" бірегей жобасын әзірледі. Бастамашылар жобаның бірегейлігін жас мемлекеттік қызметкерлерге тәлімгерлікті тек қана бекітілген тікелей басшы ғана емес, сонымен қатар облыстық немесе аудандық деңгейдегі кез келген басшы қызметшінің қызмет саласына байланысты, Мемлекеттік қызмет ардагерлері жүргізеді деп санайды. Сонымен қатар, жоба ауыл өңір мен облыс арасындағы өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. Жоба пилоттық режимде енгізілді және онлайн байланыс арқылы жұмыс істейді. Департаментте жобаның арқасында қызметкерлердің кәсіби дағдылары мен іскерліктері көрініс табатынына сенімдіміз. Енгізілген жоба ұзақ мерзімді болып табылады. Қамқорлыққа алынушының және тәлімгердің кездесуі айына кемінде бір рет өткізіледі.
Аида Бажирова, департаменттің баспасөз хатшысы