Індет 30 адамнан табылды
22 маусымда Қостанай облысында коронавирус 30 адамнан анықталды.
Атап айтқанда, Қостанай қ. – 14, Рудный қ. – 6, Жітіқара қ., Әулиекөл, Б.Майлин аудандарында 2 адамнан, Лисаков қ., Алтынсарин, Мендықара және Федоров аудандарында 1 адамнан індет жұқтырған.
25 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 3 адам коронавирус расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 2 жағдай профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 24 адамда ауру белгілері болды, 6 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 22 маусым аралығында COVID-19-ды 16510 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 16056.