Аймақ басшысы айлығын айтты

Бүгін «Antikor live» акциясы аясында сөз сөйлеген облыс әкімі Архимед Мұхамбетов "Сыбайлас жемқорлық біз үшін емес" акциясын қолдайтынын білдіріп, өзінің ай сайынғы еңбекақысын жария етіп, қызметі үшін 766 мың теңге алатынын айтты.Безымянный
Естеріңізге сала кетейік, "Сыбайлас жемқорлық біз үшін емес" жалпыреспубликалық акциясы биыл "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің бастамасымен іске қосылған болатын. Таяуда "Адалдық алаңы" республикалық кеңсесінің жетекшісі Төлеген Байғұлов Қостанай облысына жасаған іссапары барысында қалалар мен аудандардың әкімдерімен кездесу өткізіп, осы акцияны қолдауға шақырған еді. Без названия (1)
Қоғам белсенділерінің айтуынша, бұл шараға басшылардың белсенді қатысуы ең әуелі мемлекеттік органдардың айқындығы мен ашықтығына кепіл бола алады, сондай-ақ халықтың мемлекеттік басқару органдарына деген сенімінің арта түсуіне ықпал етеді. Акция 2020 жылдың 9 желтоқсанына дейін жалғасып, Сыбайлас жемқорлықпен күресудің халықаралық күні қарсаңында қорытындысы шығарылады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓