Экологияға жете мән берілмек

Рудныйдың бас жоспары қаланың барлық бөліктерін қазіргі заманға сай тиімді пайдалануды көздейді. Яғни тұрғын-үй құрылысы мен инфрақұрылымды жаңғырту, өнеркәсіптік-қоймалық аумақтарды ретке келтіріп, орман-саябақ зоналарын абаттандыру арқылы тұрғындар мен инвесторларға жайлы жағдай жасалынбақ.
04102014Халыққа қызмет көрсету орталығында өткен қоғамдық тыңдауда «Нұр құрылыс» жобалау ұйымының бас сәулетшісі Ләззат Әлімбекова осылай деп мәлімдеді. Маманның айтуынша, қаланың бүгінгі аумағы толық игерілгенде және халық саны 150 мыңнан асқанда ғана Тобылдың оң жағалауына қарай көшу қарастырылған. Яғни кейбір гараж қауымдастықтарының орнына заманауи көпқабатты паркингтер пайда болып, өндірістік зонаның аумағы оңтайландырылмақ. Басқосу барысында тұрғындар кеншілер шаһарының экологиялық ахуалына алаңдайтынын жеткізді. Сонымен қатар Тобыл өзенінің жағалауын да демалыс орны ретінде тиімді пайдаланылса деген ұсыныс-тілектер болды. Компания өкілдері болса, бас жоспардың экология жобасы бойынша қалада жасыл желекке оранған бірнеше жаңа саябақтар мен скверлер пайда болатынын және халықтың барлық өтініштері міндетті түрде ескерілетінін айтты.
Қуаныш Есқабыл

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓