Университеттік лигаға мүше болды
Рудный индустриялық институты жаңа халықаралық бірлестік – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Университеттік Лигасына мүшелікке енді. Келісімге жастардың V Евразиялық экономикалық форумы аясында Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения мен Беларуссияның 25 оқу орны қол қойды.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Николай Бордюжаның айтуынша, жаңа бірлестіктің басты мақсаты – ҰҚШҰ мүше-елдердің зияткерлік күштерін біріктіріп, ынтымақтастықты одан әрі кеңейту. Лиганың жұмыс жоспарына сәйкес білім ордаларының маңдайалды оқытушы-ғалымдары әр елде өтетін түрлі ғылыми-тәжірибелік оқыту семинарларына, дөңгелек үстелдер мен пікірсайыстарға, конференциялар мен форумдарға қатысып, экономика, құқық, ғылым мен технология саласындағы тың ойларымен бөлісіп, бірлескен жобалардың жүзеге асырмақ.
Қуаныш Есқабыл