РИИ “үздік логотип” іздейді

Рудный индустриалды институты 15-қазанға дейін ЖОО-ның үздік логотипіне байқау жариялады. Ол танылымды, заманауи, позитивті және оның өң-бойында институт миссиясы көрсетіліп тұруы тиіс.РИИ
Басты шарт – жаңа логотипте міндетті түрде "РИИ" аббревиатурасы болуы шарт. Өйткені алдағы уақытта ол ЖОО-ның ресми эмблемасына айналмақ.
Байқауға кез келген адам қатыса алады. Өтінім мен жұмыстарды (үшеуден аспауы керек) мына электронды мекенжайға жіберу қажет:  riilogo@mail.ru . Графикалық бейне А4 пішінінде pdf форматында қабылданады.
Қорытынды 19-қазанда шығарылмақ. Үздік үміткерді байқау комиссиясы және РИИ-дің Қадағалаушы Кеңесі мүшелері таңдайды. Жүлде қоры – 5 мың теңге. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓