“Қосмекенділер” қолға түсті

Рудный қаласы Полиция басқармасының Көші-қон қызметі бөлімінің бастығы Біржан Аманбаевтың айтуынша, құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы азаматтығы бар адамдар арасында анықталды. Құқық бұзушылар өздерінің іс-әрекеттерін Ішкі істер органдарына шетелдік азаматтық алу фактісі туралы хабарлауға үлгермегендігімен немесе ұмытып кеткендігімен түсіндіріп ақталады.c1d32f57-9ffb-4bb6-905f-a43ed498db1cОсылайша, тек 8 ай ішінде полицейлер мұндай 5 фактіні анықтады. Кінәлі тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ҚР Конституциясының 10-бабына және "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңының 3-бабына сәйкес, ҚР азаматына басқа мемлекеттің азаматтығын қосарлап алуға тыйым салынады.
"Қазақстан Республикасының азаматтығында тұрған және шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам өзге азаматтық алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне шетел азаматтығын алу фактісі туралы хабарлауға және Қазақстан Республикасының паспортын және (немесе) жеке куәлігін тапсыруға міндетті", – деп түсіндірді полиция майоры Біржан Аманбаев.
ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабының 1, 2-тармақтарына сәйкес, ҚР азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін пайдалану жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл арқалатады. Сондай-ақ, шетел азаматтығын алғаны туралы заңда белгіленген мерзімде хабарламағаныңыз үшін мойныңызға 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл жүктеуіңіз немесе ҚР шегінен әкімшілік тәртіппен шығарылып жіберілуіңіз мүмкін.2469e682-8843-450e-8791-5ce458097b28Бұл мәселеге ел Президенті Қ.К. Тоқаев ерекше назар аударды. 2020 жылғы 1 қыркүйектегі өз Жолдауында Мемлекет басшысы қос азаматтығы бар шенеуніктерді жұмыстан шығаруды тапсырды.
"Мемлекеттік қызметші немесе квазимемлекеттік мекеме басшысы қос азаматтық алған жағдайда, олар қызметтен босатылады", – деген еді Қ.Тоқаев.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓