Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли "Фейсбук" желісіндегі парақшасында хабарлады.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қостанай облысына жұмыс сапары басталды. Президент аймақтағы азық-түлік және сүт өнімдерін шығаратын бірқатар кәсіпорындарға барып, дихандармен және ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездеседі", – деп жазды ол.