Жаңаша оқудың жайы қалай?

сайтта 2
Біздің кезекті сапарымыз Рудный қаласындағы екі тілде білім беретін №13 орта мектебінде жалғасты. Мақсатымыз аталған білім ошағында кезекші топтардың қалай ұйымдастырылып жатқанымен танысу. Мұнда қазір барлығы 955 бала білім алуда. Мектепке дейінгі жастағы 115 бала тәрбиелеу және оқыту процесімен толық қамтылған. Қазіргі күні онда 2 шағын орталық және мектепалды даярлық сыныбында 4 топ жұмыс істейді. Орта және жоғары буын балалары оқитын 38 сыныпта барлығы 840 бала білім нәрімен сусындауда. Оның 16-ы мемлекеттік тілде,  28-і  орыс тілінде оқып жүр.
сайт5
Бастауыш сыныпта оқып жатқан оқушылар үшін жаңа форматта білім алып жатқандықтан кезекші топтар ұйымдастырылған. Барлығы 13 топ. 160 бала оқиды, Шағын орталық пен мектеп алды даярлық сыныптарында 5 кезекші топ құрылып, онда 73 тәрбиеленуші тәрбиеленуде. Сонымен қатар, қашықтықтан 1-11 сынып аралығында қашықтан оқыту форматында барлығы 680 бала.
Мектеп әкімшілігі кезекші топтарға қабылдау ата-аналардың немесе заңды өкілдердің өтініші негізінде жүргізілгенін айтады. Сынып жетекшілері ата-аналар қауымдастығымен балаларды санитарлық қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бетперде, қолды өңдеуге арналған жеке құтыдағы антисептик немесе бактерияға қарсы дымқыл майлықтар, әлеуметтік дистанциялау және балаларды оқу процесі басталғанға дейін және одан кейін алып кету қажеттілігі туралы, сондай-ақ санитарлық эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілген.
сайт 1
Оқушылардың басым бөлігі қашықтықтан оқуда. Түрлі интернет оқыту платформаларын қолдануда. Олардың қатарына: Imektep, onlinemektep, itest, zoom, bilimland жәні т.б платформаларды белсенді қолданылуда.
– Жалпы оқушылармен жұмыс жасау тек психологтің ғана емес, бүкіл мектептің әлеуметтік-психологиялық қызметіне жатады. Бұл топқа: мектеп директоры, сынып жетекші, әлеуметтік педагог, медбике, психолог, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының жүйелі жұмысы кіреді. Ата-аналарға балалармен үйде отырып, қашықтықта оқытуды дұрыс ұйымдастыру үшін ұсыныс жасалды. Балаға үйде арнайы жұмыс орнын дайындау, баланы қашықтықтан оқытуға сәйкес киіммен қатысуға үйрету, бала айналысатын бөлмеден барлық ынталандыру мен алаңдататын заттары алып тастауды қадағалау. Күнді жоспарлау, балаға сабақ кестесін жасату, баланың компьютерде дұрыс отыруы, дене шынықтыру жаттығулары, дұрыс тамақтануы, серуенге шығуы. Осындай уақытта әр ата-ана өз баласына сенім артып, сабырлық танытып, қуантып, жігерлендірсе. Балалар нақты мақсатына жетіп, жетістіктері көбейетініне сенімдіміз, – дейді аталған білім ордасының психологы Надежда Сражатова.
сайт6
– Мен үшін бұл оқу жылы ерекше, өйткені біз кезекші топтарда оқимыз, негізгі пәндерді мұғаліммен бірге оқимыз, мен сыныптастарыммен тағы да кездестім. Тағы бір ерекшелігі, оқу пәндерді  оқып-үйренуден басқа, санитарлық қауіпсіздікті сақтауымыз керек: масканы дұрыс кию, антисептик немесе бактерияға қарсы дымқыл майлықтарды қолдану, әлеуметтік қашықтықты сақтау маңызды. Мектеп алаңында түрлі суреттер ілінген, олар көңіліңді көтереді, дәліздерде бізді бір-бірімізден қашықтықта болуға үйрететін белгілер де бар. Қашықтықтан оқыту пәндерін анам ZOOM, күнделік, Білімlend, OnlineMektep, кейде WhatsApp платформаларында орындауға көмектеседі,- дейді 4 «А» сынып оқушысы Анастасия Кузьминых.
сайт4
Ерекше оқу форматына көшуге мұғалімдер жаз айынан бастап дайындықты бастады. Тамыз айында ҚР Білім және ғылым министрлігі педагогтарға арналған «Қашықтықтан оқытуды үйренемін» онлайн-курсын ұйымдастырды. Онда оқу процесінің барлық компоненттерін сақтай отырып, әртүрлі байланыс технологияларын қолдана, мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуінің тиімді әдістері ұсынған болатын. Онлайн-курс  жаңа оқу жылында оқытудың ерекше жағдайлары кезінде оқушылар мен ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету, байланыс құралдары мен ағындық сервистерін пайдаланудың жаңа мүмкіндіктерін көрсетті. Мектеп ішінде оқу жылының басында педагогтармен практикалық сабақтар ұйымдастырылды;  әкімшіліктер жаңа оқу жылында оқыту форматын егжей-тегжейлі ұсынды, қашықтан сабақ жоспарынан бастап педагог имиджіне және желілік этикетті сақтауға дейін синхронды және асинхронды форматта сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік ұсыныстар берілген болатын. Бұл жайында бізге биология пәнінің мұғалімі Елена Маленкова өз ойымен бөлісті:
сайт7           
26-28 тамыз аралығында мектептің педагогикалық ұжымы стримингтік сервистерді қолдана отырып, синхронды форматта қашықтықтан сынама сабақтарын дайындауға және өткізуге белсенді қатысты. Мектеп мұғалімдерімен және оқушылармен техникалық және ұйымдастыру мәселелері пысықталды, синхронды сабақтың мүмкіндіктері – экранды көрсету, топтардағы жұмыс жасау байланысы көрсетілді. Ата-аналар мен оқушылар оң пікірлерін білдірді. Мұндай жұмыс 2020-2021 оқу жылының басталуын сапалы ұйымдастыруға мүмкіндік берді.       
Бүгінгі таңда оқу процесі оқушылардың шамадан тыс жүктемесін болдырмау мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың талаптарын ескере отырып, синхронды және асинхронды форматта өтеді. Оқу процесін ұйымдастыру үшін интернет платформалары анықталды: Күнделік, Online Mektep, Zoom, WhatsApp.Синхронды форматтағы сабақта оқу уақытының 30-дан  80 %  дейін стриминг үшін қолданылады, Сан-Пин талаптарына сәйкес мұндай сабақ 10 минуттан  30 минутқа дейін болады. Мұғалім мен оқушының одан әрі өзара әрекеті материалды өз бетінше зерттеу үшін электронды платформалардың мүмкіндіктері арқылы, содан кейін кері байланыс арқылы жүргізіледі.Мектеп педагогтары Online Mektep білім беру платформасының ресурстарын пайдаланады, оны біз әзірлеушілер, мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар үшін қашықтықтан оқыту үшін сабақтарды дайындау бойынша маңызды жұмыс жасайды. Оқу материалы жүйелендірілген, мониторинг үлгерімді  бақылауға, оқушылардың сұрақтарына чатта жауап беруге мүмкіндік береді. Платформа оқушыға ыңғайлы, оқу форматын – синхронды немесе асинхронды өз бетінше  таңдай алады. Ия, техникалық ақаулар бар, бірақ мен проблемалардың  шешіліп жатқанын көремін. Онлайн сабақ үшін арнайы сабақ жоспары және электронды түрде бекітілген оқушыға арналған бағыт парағы дайындалып, Күнделік платформасына немесе WhatsApp мессенджеріне жіберіледі.           
Нақты Zoom режимінде сабақ өткізуге мүмкіндік беретін стримингті  қызметі, мұғалімдерге үлкен көмек – бұл оқу материалын көрсетіп, оқушылардан  кері байланыс жасай алады. Биылғы оқу жылында қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындау үшін критериалды баллды бағалау енгізілді. Бұл оқушылардың жиынтық бағалауға неғұрлым дайын болуы және ерекше оқу режимі жағдайында өз бағаларын күшейтуі үшін жасалады, – дейді биология пәнінің мұғалімі.
сайт3

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓