Нағыз мықтылар ауылда!

Облыс әкімінің орынбасары Бақыт Есімова Ұзынкөл ауданына барған ісспарарында өңір орталығыда жаңадан салынған денешынықтыру және сауықтыру кешенінің жұмысымен танысып қайтты.
Сондай-ақ жаңадан толық күрделі жөндеуден өткен №2 орта мектебімен және бірқатар нысандарды аралады. Облыс әкімінің орынбасары осы жөнінде Instagram парақшасында жариялап отыр.
«Қазіргі уақытта ұзынкөлдіктердің жоғары деңгейде біліп алып, спортпен айналысуына барлық мүмкіндіктер жасалған. Сонымен қатар аудан орталығының жанындағы Ершов ауылына да барып қайттым. Ауылдағы мектеп пен балабақшаның жұмыс барысымен таныстым. Менің аудандарға іс сапарларымның ең бірінші мақсаты – әлеуметтік нысандардың талапқа сай жұмыс атқаруын бақылаумен қатар, ондағы кадрлармен танысып, олардың қабілеті мен біліктілігіне де көз жеткізу болып табылады. Шынымен біздің облысымыздың әр аймағында өте талантты, өз ісіне берілген, шынайы мамандар өте көптеп кездеседі. Оған өңірлерге барған әр іссапарым айқын дәлел», – деді Б.Есімова.
Ұзынкөлдіктер ғана емес, аймағымыз мақтан тұтатын өз ісінің нағыз маманы – Сергей Мишура. Ол Ершов жалпы білім беретін орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Сергей Иванович оқушылардың денсаулығын нығайтуға, жақсы дене шынықтыруға ықпал етіп келе жатқанына 25 жыл болды. Ұстаз спорттық-бұқаралық жұмыстарға тер төгіп жұмыс істейтін әрі салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға үлес қосып келе жатқан білгір. Оның айқын дәлелі – шәкірттері гір көтеру спортынан аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары. Мәселен, 2019 жылы Францияда Жасөспірімдер арасында өткен ашық Еуропа чемпионатында (U-16 /U-18) гір спортынан Сергей Мишураның шәкірті 2-ші орын иеленген болатын.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓