Ұстаз болу-дүниеге нұр шашу
Мектеп –қасиетті білім мекені. Сол касиетті мекенінің жүрегі- ұстаз. Ұстаз қолында – адам тағдыры, болашақ мемлект тағдыры тұрады. Ал, бүгінде балаларды тәрбиелеу, білім беру- жауапты іс. Сол жанкешті еңбекке қарамастан мұғалім сөзімен, ісімен, білікті білімімен, мәдениетімен, ұйымдастырушылық қабілетімен, төзімділігімен, балаларға деген сүйіспеншілігімен, мейірімді жүрегімен асқақ. Міне, осындай мәртебелі мамандық иелерінің мерейлі мерекесіне арналған салтанатты қабылдау болды. Облыс әкімі Н. Садуақасов облысымыздың ең таңдаулы да үздік, шығармашыл да креативті, білім тарландары және күні кеше еңбек жолын бастаған жас педагогтармен жүздесті.

Соңғы жылдары өңіріміздегі білім саласына бөлінген қаржы көрсеткіші қырық жеті млрд. теңгеге жетті, үстіміздегі жылы білім мекемелерінің жөндеу жұмыстарына 700 млн. теңге бөлінді. Республика бойынша біздің облысымыз балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамтуда алдыңғы қатарда. Өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беру саласына дуалдық оқыту енгізілу үстінде. Үш жүзге жуық жас маман ауыл-селоға барып, өздерінің ең алғашқы еңбек жолдарын бастады. Олардың отыз алтысы жоғары оқу орындарын қызыл дипломмен аяқтады, -деді өзінің құттықтау сөзінде облыс әкімі Н. Садуақасов.

Мақаланың толық нұсқасын газет бетінен оқисыздар
Гүлназым Сағитова