Жұмыспен қамту жоспары
Облыс әкімдігінде өткен селектор жиынында жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына көмек көрсету мәселелері талқыланды. Мәжіліске облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты. Алдымен, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысы Гүлнар Әбенованың баяндамасы тыңдалды. Айтуынша, облыстың атқарушы органдары халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыс орындарын құру бойынша кешенді шаралар қабылдап жатыр. Мәселен, жыл басынан бері облыста 15525 жұмыс орны ашылған. Бұл Еңбекмин бекіткен жоспардың 98,9%-не тең.
– Халықты жұмыспен қамтудың кешенді жоспарына сәйкес 29,2 мың тұрғын жұмыспен қамту шараларымен қамтылған. Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылуда. Осы жылдың 10 айына қарастырылған 8,2 млрд теңгенің 6,5 млрд теңгесі игерілді. Кәсіптік оқуға 3 588 адам жіберілді, – деп мәлім етті басқарма басшысы.Архимед Мұхамбетов аудан-қала әкімдеріне жұмыс қамту шараларын үнемі назарда ұстауды тапсырды.