Қарқын да, тартым да бар

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласындағы құрылыс нысандарын аралады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Аймақ басшысы әуелі "Отбасы" аталатын аз қабатты тұрғын үй кешенінің құрылыс барысын тексерді. Мұнда жалпы ауданы 16 мың шаршы метр болатын 3 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Үш қабатты үйде 168 пәтер болады. Нысанды 2022 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Бұдан соң облыс әкімі "Строй Элит Дом" ЖШС үйлерінің эскиздік жобасымен танысты. Кешеннің аумағы – 2,7 га. Мұнда "Ақылды үй" жүйесі бар жеті қабатты үйлер, алаңы мен қысқы бағы болады. Ұзын саны 264 пәтер салынбақ. Іске асыру мерзімі – 2023 жыл.
2500 орындық Мұз сарайының құрылыс барысы да тексерілді. Бұл нысан сағатына 50 адам өткізуге қабілетті болмақ. Осы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарлануда.
Одан әрі А.Мұхамбетов "Елена Д" ЖШС үйлерінің құрылыс барысымен танысты. Тоғыз қабатты тұрғын үйде 432 пәтер сатылады. Нысанды 2022 жылы пайдалануға беру көзделіп отыр.
Сапар соңында облыс әкімі А.Мұхамбетов Қостанай қаласының әкімі Қ.Ахметовке жоспарланған жұмыстарды сапалы және көрсетілген мерзімде аяқтауды тапсырды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓