«Жәкең біздің жақсы адам…»
Жәзит Құдайқұл туралы оны білетіндер осылай дейтін
Бұдан дәл бір жыл бұрын Жә-зит Құдайқұл ағамыз 75 жасқа то-лып, тойына куә болған едік. Есімі бүкіл Қазақ еліне таныс Жәкеңді Елбасы Н.Назарбаев арнайы же-делхат жолдап, мерейтойымен құттықтаған болатын. Жәкеңді ауыл шаруашылық өндірісіндегі жаңа тұрпатты басшы, «алғашқы помещик» деп бағалаған ол «жұртшылық Сізді өмір жолыңыздың жарты ғасырынан астамын ауылды өркендетуге арнаған ардагер ретінде құрмет тұтады» деп атап көрсетіп еді.
Расында да, Жәзит Кәрімұлы өзінің туып өскен құт мекені, ата қоныс даңқын еселеген нағыз ұсынықты басшы, көреген кәсіпкер болатын. Талай жаңа бастамалар мен игі істер осы Қарабатырдан тарап жататын. Елді мекенді көркейтіп, көгалдандырған, оған қаладағыдай рең берген де осы Жәкең еді.
Көпшіл еді ағамыз. Үлкен-кішінің бәрін дос, бауыр санайтын. Әсіресе, журналист ағайындарды шынайы, риясыз көңілмен құрметтейтін. Телефон соғып, елдегі жаңалықты хабарлайтын. Қарабатырға шақырып,еңбеккерлермен жүздестіретін. Қайтыс болар алдында да біздің екі әріптесіміз Жайылмада болып, көсілте жазып еді…
Газетіміздің 90 жылдық мерейтойына құттықтау жолдап, көмек қолын созғаны да есте. Жылда Журналистер күні мерекесінде де ықылас-пейілін білдіріп жатушы еді…
Бүгіндер ортамызда асқар тау-дай ағамыз болмаса да оның өсіп-өнген ұрпағы, рухына бас иіп, құрметтейтін дос жарандары, ағайын-туған, ауылдастары бар.
«Жақсы адамнан ғана жақсы басшы шығады» деген еді Жүсіп Баласағұн. Біз білетін Жәкең жақсы адам және жақсы басшы болатын, ол халық жадында да сол қалпында әрдайым қалады.
Сәлім
МЕҢДІБАЙ
СуреттеРДЕ:Жәзит Құдай-құл және ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге.