Ұлттар достығының ұясы

Қазақстан Тәуелсіздігінің басты құндылығы – ұлттар достығы. Біздің ортақ үйіміздің шаңырағы биіктеп, үнемі шуақ төгіп тұратыны да сондықтан. Этностық қатынасты нығайтуда ұлттық мәдени орталықтармен қатар халықтық ансамбльдер үлес қосып жүргендігі қуантады. Мәселен, көп ұлтты Рудный қаласында «Жадыра», «Мрия», «Соседи», «Калина», «Надежда» және «Рябинушка» шығармашылық ұжымдары ән шырқап қана қоймай, сан ұлттың салт-дәстүрін дәріптеп жүр.
bf8e586d-4076-40f4-81c1-50160a48076d
Орыс, украин, қазақ, беларусь сияқты ұлт өкілдерінен тұратын «Рябинушка» ансамблі осыдан 12 жыл бұрын Горняцкіде құрылды.
– Ұлттар достығы – еліміздің басты байлығы. Сондықтан да біз әр түрлі тілдегі әндерді орындаймыз. Сондай-ақ, біздің ауылда тұратын әр ұлттың дәстүрін үйреніп қана қоймай, соны жастар арасында дәріптеуге тырысамыз. Қысқа ғана тарихы бар ансамбльдің бүгінгі жетістіктері қомақты. Әсіресе, өткен жылы ән байқауларының бірінде жеңіп алған бас жүлде ұжым мүшелеріне жақсы әсер қалдырды, – дейді ұжым жетекшісі Наталья Данилевкая.
Айта кетерлігі, ынтымағы жарасқан ұжымның құрамында мүмкіндігі шектеулі жандар да бар. Людмила Жуланова – үшінші топтағы мүгедек. Төрт қабырғаға телміріп отырғаннан гөрі осы ансамбльдің қатарына қосылып, ән айтуды шешсе керек. Бұл шешіміне өзі де қуанышты. Сондықтан ол өз замандастарын сүйікті ісімен айналысуға шақырады.
0ecb62a8-2c9c-4fa7-ad75-277895de72be
– Менің ойымша, әр адам өзінің сүйікті ісімен айналысса ғана, түрлі аурулар мен күйзелістен оп-оңай шыға алады. Тіпті арбаға танылған жандар да қиындықты жеңіп, өмірге деген көзқарасы өзгереді. Көңіл-күйі жақсарады, – дейді Людмила.
Бүгінде Людмила үзеңгілесі Тамара Трошкина екеуі жеке дара «Надежда» дуэтін құрып, үзілген үміттерді әнмен жалғап жүр.
– Әлемді шарпыған коронавирус пандемиясы адамдарды теңестірді. Мейлі бай, мейлі жарлы-жақыбай бол, қай ұлт болмасын мұндай алапат індетпен күресу үшін бірлік керек екендігін тағы бір мәрте ұғынған сияқты. Барша жерлестерімді Қазақстан халықтары бірлігі күнімен құттықтаймын. Төңірегіміз бейбіт, өзіміз бейбіт, ішіміз бүтін, бірлігіміз берік болса, ұтылмаймыз, – дейді «Рябинушка» ансамблі.
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓