«Егін алқабы күні» жаңа техникалар сап түзеді

  «Заречное» тәжірбие-өндірістік шаруашылығының егінжайында «Егін алқабы күні» өтті. Атаулы шараға Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары мен Ресейдің Белгород, Челябинск, Санкт-Петербург тәрізді бірқатар өңірлерінен, тіпті Сербиядан өкілдер келіп қатысты.IMG_3869
        Олар өздерінде шығарылған жаңа үлгідегі комбаин, трактор, тұқым себетін, шөп буатын  қондырғы тәрізді түрлі ауылшаруашылық техникаларын көрсетті.Диқандардың назары алдымен шетелдік астықкептіргіштерге ауды. Олай болуы да заңды. Өткен жылы кеш жиналған астық қар астында қалып, шаруаларға біраз қиындық туындатқан еді.IMG_3835
        Облыстағы көптеген элеваторларда астық кептіретін орындар қарастырылмаған. Соның салдарынан су астықты кептіру оңайға түскен жоқ. IMG_3839Былтырғы жағдай биыл да қайталанбасы үшін ауылшаруашылық тауар өндірушілері осы бастан қамданып, астық кептіруге лайықты қойма салып алуды мықтап қолға алды. Бүгінгі күннің өзінде Тобыл өңірінде 230-дан астам осындай қоймалар бар. Бірақ, бұл да жеткіліксіз.IMG_3842
       -Егер кейбір шағын шаруашылықтардың бұған шамасы келмесе, онда екі-үшеуі бірігіп, қам жасауға болады,-деді кеңесте облыс әкімі Нұралы Садуақасов.IMG_3850
       Астықты аймақтағы техника паркін жаңалау да кезек күттірмейтін іс. Өйткені, бүгінгі қолданыста жүрген техникалардың көбі ескі-құсқы. Яғни, әбден тозығы жеткен. Өткен жылғы қиындықтарға қарамастан облыс шаруалары 508 жаңа техника сатып алды. Бұл бұрнағы жылдармен салыстырғанда  екі есеге жоғары. Биыл күзгі жиын-терімге 11,5 мың комбаин қатыстырылғмақ. IMG_3860Дегенмен, облыс басшысының сөзінше, жыл сайын техника паркін  жаңалап отыру уақыт талабынан туындап отыр. Көптеген диқандарда егін оратын комбаиндар жетіспейді. Кейінгі жылдары қостанайлық шаруалар көрші елде шығарылатын техникаларды көптеп сатып алуда. Ресейлік тракторлар біздің жағдайға төзімді келеді. Облыстағы барлық техниканың 30 проценті Петербург трактор зауытының өнімдері.IMG_3845
      – Негізі, мұндай көрмелер фермерлер үшін өте керек деп есептеймін. Өйткені, осындай шараға жиналу арқылы кәсіпкерлер шетелдік техникаларды көріп, танысады. Бір-бірімен пікір алмасады.  Сосын таңдау әркімнің өзінде. Қазір көптеген шаруашылықтарда жаңа техникалар бар. Астық кептіргіштер алып жатыр. Егер ауа-райы былтырғыдай «шөміштен» қыспаса бәрі дұрыс болады ғой деп ойлаймын. Ең бастысы жұмыс істей білу керек. Бәрі өзімізге байланысты,-дейді «Қарқын» ЖШС-і директоры Сайран Бұқанов.
 
Айбек КӘДІРҰЛЫ
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓