«Алтын кітапқа» аты жазылды
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған Қазақстан жастарының «Алтын кітабы» атты республикалық байқауы мәреге жетті. Дарынды, білімді жастарды іріктеген додада Арқалық институтының түлегі Нұрдана Тұрысбек жеңімпаз атанды. Зияткер, білім мен ғылымға ден қойған талантты жастың еңбегін профессор Бүркітбай Ерманұлы, Жандарбек Мәлібеков секілді белгілі тұлғалар бағалады. Нұрдана Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын үздік аяқтап отыр.
– Балам мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнін үздік оқыды. Оның бұл пәндерді таңдауына ұстазы Әсел Мұратәліқызы ықпал етті.
Жақсы ұстаз қашанда жан-жағына нұрын шашып жүреді ғой. Әсел апайы Нұрдананың туған тілі мен әдебиетіне деген қабілетін аңғарып, оған ерекше ықылас танытты. Нәтижесінде қызым республикалық пән олимпиадасының 3-ші кезеңінде бірінші орынды иеленді. Алыстағы ауыл мектебі шәкіртінің мұндай үздік нәтижеге жетуі сөз жоқ, білікті ұстаз еңбегінің де нәтижесі. Қызымызбен мақтанамыз, оның әр жетістігі біз үшін мақтаныш, – дейді Нұрдананың әкесі Дәуренбек Тұрысбекұлы.

Сонымен, Нұрдананың есімі Қазақстан жастарының «Алтын кітабына» енді. Бұл облыс көлеміндегі айтулы жаңалық. Бұл оның бірінші жетістігі емес. «Үздік жас ұстаздар» деп аталған жинаққа елімізде білім саласының дамуына үлес қосып жүрген үздік жас ұстаздардың есімдері топтастырылды. Жинаққа Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4-курс студенті Тұрысбек Нұрдана Дәуренбекқызының жетістіктері мен бағындырған белестері де енгізілген. Үздік шәкірттерінің жас маман жетекшілік жеткен уақыттағы марапаттары тізілген. Кейіпкерімз дуалды жүйе бойынша Тасты жалпы білім беретін орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Көркемсөз» үйірмесінің жетекшісі болып қызмет етті. Биыл Арқалық қаласындағы жалпы білім беретін гимназияға жұмысқа орналасты.
– Біздің ендігі басты міндетіміз – шәкірт тәрбиелеу жолында аянбай еңбек ету. Төрт жыл бойы ұстаздарымыздан үйренген ақыл-білім, жігерді басқалармен бөлісуді мақсат етемін. Ақырын жүріп, анық басу – басты міндетім, – дейді Нұрдана Тұрысбек.
Суретті түсірген Бердіболат Көркембаев