Ақын шеберханасы: карантиндегі кәсіп

Сыршыл ақын Серікбай Оспанұлының қолы қалт еткенде айналысатын жұмысы – ағаштан түйін түю. Түрлі бұйымдарды тапсырыспен емес, өзінің қалауымен жасайды. Әрине, сұрайтындар да бар. Бірі қалап, бірі сатып алады. Ақын қазір бесік жасауға қарқынды кіріскен. Ол мұнысын жақсы ырымға балайды. «Бұл өнерім карантин кезінде тәп-тәуір ермек болды, бір уақыт көңілімді сергітіп аламын», – дейді шебер.
Ақынның шеберханасынан шыққан бесіктер әртүрлі. Басты ұстаным – тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату. Мысалы, мына бесікке жиһаз бөлшектері пайдаланылған. Бұл – бір жағынан арзан, екіншіден, қоршаған ортаны ластамайды.
Биыл қаламгердің мерейтойы. 75 жасқа толды.
«Бейбітшілік жырын жырлап ер жеттім,
Мен де оны көкірегімде тербеттім.
Аяласын, аямасын мейірімін,
Оны енді ұрпағыма бермекпін», – деп жырлайды ақын. Оның «Жүрегіне бейбітшілік бөлеген» халқына әлі де берері мол.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓